» » Сербияда қазақ күресінің ережелері бойынша халықаралық төрешілердің семинары өтеді

Сербияда қазақ күресінің ережелері бойынша халықаралық төрешілердің семинары өтеді

Сербияда қазақ күресінің ережелері бойынша халықаралық төрешілердің семинары өтеді 2018 жылдың 30 мамыры мен 2 маусым аралығында Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінің ережелері бойынша Еуропа елдерінің мамандарының қатысуымен халықаралық төрешілер семинары өтеді.
Семинардың мақсаты – Еуропа төрешілерін дайындау жөніндегі бағдарламаны орындау.
1-2 маусымда Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының басшылығымен, ұлттық федерациялар және Еуропаның қазақ күресі федерациясы өкілдерінің қатысуымен Зренянин қаласында ересектер арасында IV Еуропа чемпионаты өтеді. Аталмыш чемпионатта алғаш рет әйелдер 6 салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолюттік салмақ дәрежесінде кездесулер өткізіледі. Ерлер арасындағы жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі.
Еуропа чемпионатына алдын ала өтінімдер бойынша Еуропаның 17 елінен 110 спортшы қатысады деп күтілуде.
Біріккен Әлем Күресінің (UWW) аясында 2017 жылы Түрікменстанның Ашхабад қаласында өткен жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнерден V Азия ойындарының бағдарламасында қазақ күресі алғаш рет көрсетілгеннен кейін, қазақ күресіне деген жоғары қызығушылық байқалады.
IV Еуропа чемпионаты Еуропа құрлығында қазақ күресін насихаттауға ықпал етеді.
24.kz


28 мамыр 2018 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728