» » «Junior League» жеңімпаздары анықталды

«Junior League» жеңімпаздары анықталды

Биыл аудандық әуесқойлар лигасының ауқымы кеңейгені туралы жұрт жақсы біледі. Бұған дейін аяқдопшылар жалғыз бір лигадада өнер көрсетке, осы жылы тағы екеуі қосылды. Ол үлкен жастағы «+35» пен жас өскіндердің «Junior League» доп додасы. Екі ай уақытты артқа тастаған жас аяқдопшылардың тартысы аяқталды.

Ендеше, ең әуелі осы уақыт ішінде болған сайыстың қызығы мен лиганың ашылудағы мақсатына тоқталайық.
Біріншіден, әуесқойлар футбол лигасы «Junior League» Жаз – 2022» бұқаралық спорттың дамуы үшін қолға алынды десек, екіншіден, өскіндердің жазғы демалысты тиімді өткізуі үшін ұйымдастырылды.
Жарысқа басы-аяғы 11 команда қатысты. Мұнда Қармақшы ауданынан бастап ауданға қарасты ауылдар мен мектептен құралған жастар доп тепті. Олар апта сайын орталық «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы орталық стадионға аялдап, жасыл алаңда қызу ойын көрсете білді. Барлығының мақсаты – жеңімпаз атанып, Қазақстан Чемпионаты «Junior League» додасында бақтарын сынау.
Әні-міне дегенше бір айналымнан тұрған лига мәресіне жетті. 17 аудандық олимиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің аяқдопшылары «Болашақ-2010» командасы жарыстың алтын алқасын тақты. Жетекшісі – Самат Жұбаниязов. Ал екінші орын Ақжол Құрманбайұлы бастаған «276 орта мектептің» аяқдопшыларына бұйырды. Үштікті қорытындылаған Қармақшы ауданынан ат терлетіп келген «Жандос» командасының жігерлі жігіттері болды. Жеңімпаз командаларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жамшейтов пен Қазалы аудандық футбол федерациясының вице-президенті Олжас Орынбеков дипломы табысталды. Сондай-ақ арнайы жүлделі кубок пен медальдар үйлестірілді.
Мұнан бөлек екі ай бойы көрермен көзайымы болып, ерекше көзге түскен спортшылар марапаттан құр қалмады. Атап айтсақ, «Үздік ойыншы» бағамымен Бейбарыс Асылбекұлы, «Үздік сұрмерген» Сұлтанбек Мүбарак, «Үздік ассист» Бейбарыс Талғатұлы, «Үздік гол» Диас Жарылқасын, «Үздік қорғаушы» Аян Елтай, «Үздік шабуылшы»» Диас Ұлықбаш, «Үздік сұрмерген» Нұртөре Маханғали, «Үздік қақпашы» Бейбарыс Орынбай, «Үздік гол» Нұрислам Дүзелбай және «Үздік шабуылшы» Сәкен Нұрасылов деп табылды.

«Junior League» Жаз – 2022» жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Дәуренбек Тәжімбетов бастаған Смағұл Жасұлан, Серікбол Ерғалиев, Тимур Берденқұлов, Ғабит Ғабит Кенжетайұлы Ешмаханов , Мұқағали Мукагали Сансызбаев , Нұрлан Ахмет, Жандос Қартбай мен Данияр Қалдыбай екенін баса айтқан жөн. Сонымен қатар ұйымдастырушылар атынан лиганың басты демеушісі «Көркем» жарнама агенттігінің басшысы Нұрхан Бердімұратовқа алғыс білдіреміз.
Айта кетейік, бұл ауданда алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ алдағы уақытта жыл сайын жалғасын тауып отырады. Осы арқылы бұқаралық спортты дамытып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, демалысты тиімді өткізуіне жағдай жасау. Одан бөлек лиганың басты мақсаты – келешек ауданның намысын айтулы додаларда қорғайтын жастардың легін арттыру.

04 шілде 2022 ж. 951 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031