Құрылтай
» » Қазақстандық теннисшілер алғаш рет Roland Garros турнирінің 1/4 финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер алғаш рет Roland Garros турнирінің 1/4 финалына шықты

Андрей Голубев пен Александр Бублик Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет Францияның ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



“Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық жұп үшінші айналымда Франция ашық чемпионатының 11-ракеткалары, нидерландылықтар Уэс Колхоф - Жан-Жюльен Ройермен кездесті”, – деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Бірінші партияда Бублик пен Голубев тай-брейкте айқын басымдылық көрсетті - 7:6 (7:2). Екінші сетте нидерландылықтар брейк жасап, соны сақтап қалды - 6:3. Үшінші, шешуші партияны қазақстандықтар брейкпен бастады - 2:0. Ақыры осы басымдылықты уысынан шығарған жоқ - 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 10 минутқа созылды.
Енді қазақстандық теннисшілер "Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалына шығу үшін монаколық Хьюго Нис - германиялық Тим Пюц немесе тағы бір монаколық Ромен Арнеодо - франциялық Бенуа Пэр жұптарының қай жеңгенімен таласады.
06 маусым 2021 ж. 842 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31