» » Головкин мен Шеремета көз түйістіру кезеңінен өтті

Головкин мен Шеремета көз түйістіру кезеңінен өтті

Геннадий Головкин мен Камил Шеремета сенбі күні болатын кездесуі арасында тұңғыш рет бетпе-бет жүздесіп, көз түйістірді, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда пандемиялық ахуалға байланысты бұл рәсім едәуір қашықтықтан жасалды. Мұнан соң былғары қолғап шеберлері біріккен баспасөз-конференциясын өткізді. Еске салсақ, IBF пен IBO тұжырымы негізінде әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин осы тұжырымдама негізінде міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметаға қарсы жұдырық түйістіреді. Жерлесіміз өз атақ-дәрежесін 21-мәрте қорғамақ. Геннадий Головкин, боксшы: - Мен әрине, осындай деңгейге көтерілгенімді мақтан тұтамын. Тағы да бір мәрте рекордты жаңартатын мүмкіндік туып тұр. Кез келген спортшы үшін рекорд орнату ол үлкен жетістік екені жасырын емес. Камил Шеремета, боксшы: - Маған басқалардың не деп жатқаны маңызды емес. Менің дайындығым тыңғылықты жүрді. Көп сөйлегенше шаршы алаңда көрсетсем деймін. Менің жеңісім ел боксында ғана емес, біздің елдің спортындағы ең жарқын жеңістің бірі болады.
 24.kz
17 желтоқсан 2020 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930