» » Өңір гимнастшылары Азия чемпионатына қатысады

Өңір гимнастшылары Азия чемпионатына қатысады



Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралған Сыр гимнастшылары жаттығуларына қайта кірісті.
Жуырда эстетикалық топтық гимнастикадан өткен онлайн ел біріншілігінде 2 жас ерекшелігі бойынша қызылордалық спортшылар күміс және қола медальдарды иеленген болатын.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 14-16 жас аралығындағы қыздар арасында эстетикалық топтық гимнастикадан өтетін Азия чемпионатына спортшы Дана Садықова, Ақбота Өтеген, Раушан Аспандиярова, Əсел Марат, Динара Ерғалиева, Надира Сыражадин жəне Аянат Ерланқызы Қазақстан атынан өнер көрсететін болады.
№1 ОРМБЖМ-де тəлім алатын гимнастшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан мен хореограф Гүлзат Расул дайындауда.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күніне орай 15-18 желтоқсан аралығында көркем гимнастикадан облыстық онлайн ашық чемпионат өтеді.
05 желтоқсан 2020 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 646
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 415

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031