» » Жалғас Жұмағұлов жақында UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді

Жалғас Жұмағұлов жақында UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінің келісімшартына отырды. Бұл туралы спортшының өзі Вестник MMA YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады massaget.kz

Жалғас Жұмағұлов келісімшарт жасалғанын айтып, алайда әзірге қашан және кімге қарсы өткізетінін құпия күйінде сақтап қалды.
"Екінші жекпе-жектің келісімшартына қол қойдым. Әзірге жариялайтын ештеңе жоқ. Дайындалып жатырмыз. Жақында анонс жасайтын шығармыз. Жекпе-жек жуырда өтеді", - деді спортшы.
Естеріңізде болса, Жалғас Жұмағұлов бірінші жекпе-жегінде бразилиялық Раулин Пайваға (19-3-0) қарсы шықты. Үш раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан бразилиялық спортшыға берді. 
Express.co.uk басылымының мәліметінше, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюті үшін қосымша бонустан бөлек 12 мың доллар сыйақы алған. Ал оның қарсыласы Раулин Пайваның сыйақысы – 14 000 доллар. Алайда бразилиялық спортшы жекпе-жекке артық салмақпен шыққаны үшін сыйақысын 20% Жалғас Жұмағұловқа беруге мәжбүр болған.
02 қазан 2020 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031