» » Токио Олимпиадасында ел намысын Сырдың екі спортшысы қорғайды

Токио Олимпиадасында ел намысын Сырдың екі спортшысы қорғайды

Пандемияға байланысты Токио Олимпиадасы 2021 жылға ауыстырылғаны белгілі. Байрақты бәсекеде ел намысын Сырдың екі спортшысы қорғайды. ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен балуан Дәулет Ниязбеков.

«Өздеріңізге белгілі ешқандай спорттық жарыстар өтіп жатқан жоқ. Елімізде енді ғана карантин талаптары жеңілдетіліп, спортшылар жаттығуларына кірісті. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев шеберлігін шыңдау үшін ұлттық құраманың бапкерімен келісіп, кәсіпқой боксқа ауысты. Яғни, мықты қарсыластармен бокстасу арқылы тәжірибесін толыстырады. Бұл Олимпиадаға қатыспайды деген сөз емес. Дәулет Ниязбековтың да дайындығы бақылауымызда. Екі спортшымыздан көп үміт күтеміз, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.

Дүниежүзілік дода жолдамасы әлі де үлестіріледі. Сыр өңірінен каратэ-додан Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай, стенд атудан Әлем кубогының жүлдегері Максим Коломоец, байдарка және каноэде есуден Азия чемпионы Гүлжайна Тыныбековалар алдағы уақытта лицензиялық жарыстарға қатысатын болады.
17 қыркүйек 2020 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930