» » Мәдина Сәдуақасова неге қапалы?

Мәдина Сәдуақасова неге қапалы?


Танымал отандық әнші Мадина Сәдуақасова үлкен сахна мен жанкүйерлерін сағынғанын айтты. Ол саханаға шығып, ән шықау арман болып кетсе де, карантин ережелерін сақтау керектігін алға тартты, деп хабарлайды Oinet.kz.


Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба арнады. Мадина Сәдуақасова елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсармай жатқанына қапалы. Оның салдарынан концерттердің өтпей жатқанына ашынған әнші бар ойын Instagram парақшасында жеткізген. — «Көрерменсіз концерт концерт па?! Адамдардың энергетикасы, күлімдеп тұрған көздері, эмоциялары, әніңе қосылып ән шырқайды, сыйлаған гүл шоқтары, шапалақтары. Концерттен кейін шығып бәрімен сүретке түсесің, арасында сұрақтарға жауап бересің, автограф жазып бересің , тілектерді “өлтіріп”, қалжыңдасасың!. Осы ғой нағыз өнер адамына керегі! Ал қазір карантинге бағынуымыз керек, өйткені, вирус бар! ешкімді аяп жатқан жоқ, біреу жеңіл түрде ауырса, біреуінің ағзасы көтермей жатыр! Сақтанайық, абай болайық, ауырып жатқандарға емдері шипа болсын, жақсы күндер болады алдымызда, күтейік, сабыр сақтайық! Ал осындай телеконцерттердің ұйымдастырушыларына рахмет үлкен, телевидение арқылы болса да, көрерменмен қауыштырып жатқандарыңыз үшін! Амандықта, саулықта, концерттерде жолығайық, ағайын» , — деп жазды өнер иесі.

22 маусым 2020 ж. 1 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031