» » Ақбота Керімбекова: "Астарлы ақиқатты" көріп жек көріп отырсыздар ма?"

Ақбота Керімбекова: "Астарлы ақиқатты" көріп жек көріп отырсыздар ма?"

"Амансыздарма, оразаларыңыз қабыл болсын баршаңызға. "Астарлы ақиқатты" көріп жек көріп отырсыздарма? Иә, қателігіміз болды, сенгеніміз! Өз басым ешкімді алдағаным жоқ. Алла куә оған. Барар жеріміз бір бәріміздің. Құзырлы органдар тексеріп болғаннан соң өз ойыммен бөлісемін деп сабыр сақтап отырғаным да өтірік емес. Роза да мен де ақша салыңыздар дегеніміз жоқ ешбір жарнамада. Ұтыс ойыны мен инвестиция екі бөлек дүние. Ұтыстан бір қазақ болса да үйлі, көлікті болса деген ниетім болған. Розаның өткізген ұтысында далелдерге сеніп, қайырымдылыққа сендім мен де, Құжаттарын көрсеткен соң. Ақша салу деген енді... Ондай батпан ақшаға менде сенбеймін. Өзім біреуге, ақша беріп басым күйген талай. Ақшаларын көбейтіп алу болды ойлары, ия түсінемін. Бірақ,мен алып мен қайтарам деп сендірсем әңгіме басқаша болар еді. Барлық дәлел де айтылар. Астарлы ақиқат бағдарламасына қатты сеніп отырсыздар ғой. Бармағаным өз себебі бар. Қарасын айтып, ағын айтпағанына налып отырмын. Мейлі,ақталмаймын. Қалғаны уақытында айтылар. Коронавирус ауруы бір бірімізге жала жауып, қаралайтын,сүрінгенді табалайтын ауру болды ғой. Өкінішті. Менен зиян кешіп, менен жамандык көрген болсаңыздар кешірім сұраймын баршаңыздан. Қалай түсінсеңіздерде өз еріктеріңіз. Өнер адамдары да халық екенін білсеңіздер деймін. Аллам жар болсын баршамызға."


13 мамыр 2020 ж. 4 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 122
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 771

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031