"Перезагрузка": Асхат Садырбай елде орын алған жағдай жайлы өз ойын айтты
Отандық танымал журналист Асхат Садырбай коронавирус салдарынан әлемде орын алған ахуалға қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі көпшілікті бұл ауыр күндер өтіп, жұрт тыныштығын алып қойған кеселдің алдағы уақытта жойылатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Асхат Садырбай Instagram желісінде бүгінгі күннің ең маңызды проблемасына қатысты жазба жариялап, халықты жағдайдың жақсаратынына сендірді.
Ол бұл індетті жұртшылыққа берілген сынақ деп түсіндірген.
"Бәрі жақсы болады. Мен сенемін. Бұл күндер де өтеді. Адамзат баласы, күллі әлем мұндай сынақпен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр. Жер бетіндегі мемлекеттердің бәріне түгел болмаса да, басым бөлігіне тез тарап кеткен кесел тез жойылар. Жақсыға сенейік, жақсы күндерден үміт етейік.
Бұл үлкен емтихан адам баласын қастастырмауы керек, достастыруы керек. Адам баласының жүрегі бір, тілегі бір болғанда Жаратушы иеміз біздің үнімізге үн қатады бұйыртса.Қазіргі сәтте Меккенің бос тұрғаны, елдегі мешіттерде уақытша жұма намазының оқылмауы барша мұсылман бауырларымызға үлкен ой тастап, бір сәт санада сілкініс жасауға берілген белгі сияқты.
"Көп адам күлімдеп шыққан күнге де, жадырап келген жазға да, сағындырып төгетін нөсерге де, құстардың әсем үніне де қуанбайтын, тіпті мән бермейтін жағдайға жетті...Меніңше бұл перезагрузка. Кішкентай ғана жаңару. Осы сынақтан көбіміз сабақ алсақ қой. Осы сынақтан адам аман шықса екен. Жұмадағы тілектер қабыл болсын, халайық!" , - деп жазды Асхат Садырбай.
Пікір 3