
ТЕҢДІКТІ ҚАЛАЙ ТЕҢЕСТІРЕМІЗ?
Қазір қоғамның ащы өзегіне құрт түскен сыңайлы. Құрт болғанда да жай құрт емес, тез көбейіп, жан-жағын жайпап жіберетін аждаһаның тап өзі. Бұл нені көксеп отыр дейтін боларсыз? Айтайық. Ол – жыл санап белең алып бара жатқан «ажырасу» деген індет. Әнебір кездері қыз төркініне қайтып келсе, ата-анасы үйден...


















