» » ТАЗА АУА ЖҰТУ ҮШІН КҮРЕСЕЙІК

ТАЗА АУА ЖҰТУ ҮШІН КҮРЕСЕЙІК

Салалық журналистиканы дамыту туралы немесе дамып жатқаны туралы жиі айтылады. Солардың ішінде экологиялық журналистика өзінше бөлек әңгіме. Алыс-жақынға зер салып қарасаңыз, 21 ғасырда экологиялық мәселе адамзаттың басын ауыртып, балтырын сыздататын басты тақырыптың біріне айналатынын түсінесіз. Сондықтан қалам ұстаған қауымға бұл салада тақырып көп. Экология десе, біз Арал тағдырынан, Байқоңыр, Семейдің жай-күйінен ары аса алмай жатқандаймыз. Ал қоршаған ортаға зиян келтіріп отырған бизнес объекттер туралы саралап, жиі жазып жүрміз бе? Ол объекттер ықпалды тұлғаларға тиесілі болса ше? Олармен қалай күресу керек? Бұл жағынан тәжірибеміз аз. Халықтың жанайқайын жеткізуге келгенде жалқаумыз. Мәселен, Алматы облысында құс етін өндіретін "Алатау құстан" шыққан жағымсыз иіс тұрғындарды мезі етті. Мұндай факт әр аймақтан табылады. Ендеше айтыңыз, жазыңыз. Құдайдың берген таза ауасын жұту үшін күресейік.
P.S. Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиа форумда экологиялық журналистиканың кәнігі маманы Нельсон Грейвсқа сұрақ қойғызып, орнымыздан тұрғызған осы мәселе еді.
23 мамыр 2019 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 581
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031