» » ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Жақында Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан»туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының  облыстық слеті болып өтті. Слеттің мақсаты – балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау. Слет 6 номинация бойынша өтті. Атап айтқанда, команда туған жерін Қармақшы атаның аңызы бойынша шағын көрініс арқылы таныстырып өтті. «Туған өлке соқпақтары»номинациясы бойынша оқушылар өңірде жүргізілген туристік экспедиция іздеу-зерттеу жұмыстарының жобасын презентация арқылы қорғап шықты.   «Практикаға бағдарланған» кезеңі бойынша қатысушылар жергілікті жерде тапсырманы орындады.Экологиялық есеп берукезеңінде  өңірде жүргізілген  экологиялық экспедицияның презентациясымен таныстырып, таңдалған тақырыптың өзектілігі мен мазмұны, аталған зерттеуге қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сипаттама берді. «Экологиялық соқпақ»номинациясы бойынша қатысушылар жергілікті жердің ұсынылған бағдарының соқпағынан өте отырып,  экологиялық картаны құрып, оны қағазға сызып, шартты белгілермен рәсімдеді. «Біріктірілген туризм» кезеңі бойынша қатысушылар дала жағдайында бір түнеумен кросс-жорық жүргізді.
Сайыс қорытындысымен Қармақшы ауданынан аудандық оқушылар үйінің «Өлкетану» үйірмесінің мүшелерінен құралған «Қармақшы жастары» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп келді.
М.АЙМАХАНОВА,
 Аудандық оқушылар үйінің бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі.
19 сәуір 2019 ж. 1 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 573
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031