» » "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ" семинар-тренинг

"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ" семинар-тренинг

"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ" тақырыбындағы семинар-тренинг Қармақшы аудандық білім бөлімі мен аудандық емхана басқармасының ұйымдастыруымен аудандық мектептерде 2-11 сәуір аралығында "Дұрыс тамақтану-білім кепілі" атты он күндігі болып өтті. Осыған орай, мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану бойынша, ыстық тамақты сақтау маңызы, тамақтану тәртібін, азық-түліктен уланған жағдайда не істеу керектігін, қазіргі дүкенде сатылып жатқан ең зиянды тағамдар туралы, оның ішіндегі фастфудтар, кока-кола, чупа-чупс, сағыздар мен түрлі қытырлақ чипсылар мен газдалған сусындар туралы толық мағлұмат беруге тырысқан ІІІ интернационал ауылының №108 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сандибекова Лира Табынбайқызы 1-4сыныптар бойынша ата-аналармен "Ақылмен тамақтан" атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді.
Лира Табынбайқызы тренингті сергіту сәтінен бастап, қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, "Шаттық шеңбері" атты ойынын жүргізіп, пазлдар құрастыру арқылы тренинг тақырыбын анықтап алды. Ата аналарды стикерлер бойынша екі топқа бөліп, біреуі "Ауру- астан,
баланы-жастан" болса, екіншісі: "Ас тұрған жерде -дерт тұрмайды" деген екі түрлі тақырып бойынша пікірталас қызу жүргізілді.Қатысқан аналар өз балаларына жауапкершілік пен қарайтындығы, олардың денсаулығы алаңдататындығы, қолданып жүрген азық түліктің сапасы қандай екендігін талқыға салып, білмегендерін үйреніп, білетіндерімен постерге көрсетіп, "Еркін микрофон" әдісі бойынша қорғап шықты. Тақырыпты толық қорытындылай келе, Сандибекова Лира "Дұрыс тамақтану физиологиясы", "Ең зиянды 7 тағамдар"атты бейнеролигін көріп тамашалауды ұсынды. Тренинг соңында қатысушылар мұғалімге ризашылықтарын білдіріп, өз рахметтері мен алғыстарын жаудырып, Лира ұстазға еңбекте табыс тіледі.

13 сәуір 2019 ж. 3 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

06 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 216
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031