» » АЛҒЫСТЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

АЛҒЫСТЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?

Әне бұрышта қара домалақ бала тұр. Екі қолын айқастыра қысып алыпты, қымсынатын сияқты. Беті қызарып бір түрлі ұялатын тәрізді. Ай бірақ, оған ар-ұят, өзгеге "әтшот" маңызды. Соны жарнамаламай, құпия берсеңші, болсаң кісі жаны ізгі. Бұл – мектепке жол акциясында көрген бір ғана мысал.


Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиет, мұқтаж жанның қажетін өтеудегі ізгіліктің көрінісі. Сондықтан əрбір жанның қайырымдылық ісіне араласып, қол ұшын созуы дұрыстың дұрысы. Бірде әлеуметтік желіде науқас қызына көмек сұраған ананың фотожолдауын көрдім. Емделу бұл жақта мүмкін емес болған соң, шетелге баруға қомақты қаражат қажет екен. Қара халық арасынан бірнеше күн ішінде қаржының жартысынан көбі жиналды. Ал, ертең жолға шығуы керек. Соңғы күн. Балам деп шарқ ұрған анасының әл-дәрмені таусылғандай. Бір күннің ішінде жомарт жаннан есеп-шотқа қажетті ақша аударылды. Бір қызығы қайырымдылық жасаушы аноним түрде қол ұшын созыпты. Алайда, қазір қайырымдылық үшін кез келген адам тиын-тебенін суырып бере салмайды. Не мән бермейді, болмаса уақыт таппайды. Осы тұста жасаған қайырымын жарнамалағандарды "пиар-жүрісті" деп айыптауға да болмас. Жанама түрде болса да көмекке мұқтаж болып жүрген жанға қол созды, бір сәтке болса да, тұрмыстың ауыртпашылығын жеңілдетті. Бірақ...

«Жарнамалауды» қалай түсінеміз? Қазір дамыған технологиялар заманы. Кім не істеп жатыр, ол қайда жүр әр бұрыштан отырып-ақ бақылайтын болдық. Осал тұсымыз сол тіпті біреуге бес-он тиын бергенге мәз болып, оны бейнежазбаға түсіріп, желіге салып таратамыз. Мұқтаж жанның алғысын алдың одан артық не керек? Осы біз жарнамалау үшін неге тер төгеміз?

Бүгінге дейін жасаған жақсылығын міндет­темейтін халықтық менталитет басым күшке ие болып келді. Десе де, әлемдік интеграция қайырымдылық қорларына келіп жетті. На­рыққа халықаралық қорлар келді. Ал, адамдар қайырымдылық қорын ашуға ықыласты бола түсті. Мұнан өз қалтасына не түседі? Қоғам бұл сұраққа жауап алуға мүдделі. Қайырымдылық туралы заң біршама елде бар. Құжаттың ұлы жобасы Қазақстанда 15 жыл бұрын әзірленген екен. Бірақ, араға ұзақ уақыт салып тек 2015 жылдың 16 қарашасында ғана "Қайырымдылық туралы" ҚР Заңына қол қойылды. Сондай-ақ ол "қайырымдылық еріктілері", "ерікті түрде қайырымдылық жасау", "мақсатты капитал", "филантроп" және "филантропиялық қызмет" секілді түсініктемелермен толықтырылды. Демек "неге қайырымдылық қорын ашуға ықыластымыз" деген сұрақтың жауабын бұл заң да тарқата алмады.

Әрине, қайырлы іс жасайтын жомарт жандар жетерлік. Бірі – өзін жасырса, кейбірі өзін – жарнамалайды. Сонда алғыстың құны қанша болғаны? «Алтын алма, алғыс ал, алғыс алтын емес пе» дейді қазақ даналығы. Расымен де, алтын – бұл дүниедегі құнды темір болса, алғыс – екі дүниеде де игілік әкелетін сауапты іс.

Айнұр ӘЛИ
26 қараша 2018 ж. 1 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031