Мәслихаттар сайлауы
» » Қауіпсіздікке бастар жол – ережені сақтаудан басталады

Қауіпсіздікке бастар жол – ережені сақтаудан басталады

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысының полицейлері жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Осы бағытта Қызылорда қаласындағы Мұхамедғали Сужиков атындағы №6 орта мектептің 8–9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Н.Бақтияров қатысып, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, жол белгілерінің талаптары мен жолдағы жауапкершілік жөнінде түсіндірді.
Сондай-ақ жасөспірімдерге жол үстіндегі әрбір әрекеттің салдары болуы мүмкін екені ескертіліп, қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті. Ал жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – адам өмірін қорғаудың басты шарты.
11 қараша 2026 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 311
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 457

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30