ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, Жосалы кентіндегі №105 мектеп-лицей базасында білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог қызметкерлерге арналған семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – есірткі қылмысының, нашақорлықтың және зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ білім алушылар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту және педагогтердің осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру.
Семинар барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Омарова Гаухар өңірдегі есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, педагогтерге маңызды ақпараттар ұсынды.
Сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу және зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттайтын арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар қорытындысында алдағы кезеңде облыстық басқармамен бірлескен профилактикалық іс-шараларды кезең-кезеңімен жалғастыру, білім беру ұйымдарындағы алдын алу жұмыстарын тиімді үйлестіру және өзара іс-қимылды күшейту бағыттары талқыланды.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

















