НЕГЕ БІЗ АРМАНДАҒАН ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ КӨП?
2012 жылы Оңтүстік Корея үздік жарнамашыларына үйреншікті емес ұсыныс тасталынды, тіке мағынада олар адам өмірін құтқару керек болды. Сеул қаласындағы Мапо атты көпірді жергілікті тұрғындар «Көпір өлімі» деп атайды. Соңғы 5 жылда ол жерден 100-ге жуық адам өз-өзіне қол жұмсағысы келген, ендігі мақсат Самсунг жарнама орталығы бұл жердің атауын «Өмір көпірі» деп өзгертеді. Әр көпір тұстарына мотивацияға толы жазулар «Ең жақсы кездер әлі алдыда», «Сен бүгін тамақтандың ба?» және тағы да басқа адам бойын жылытатын жылы сөздерге ерекше мән беріліп, кешкі уақытта жарықтандырылады, онымен қатар орындықта бірінбірі құшақтап отырған, қоладан жасалған екі мүсіннің бейнесі.
Былай айтылғанда өте кең, ауқымды әлеуметтік жоба. Ол әлем бойынша 37 халықаралық марапатқа ие болады. Бұл мекенді мысал ретінде түрлі конференция, іс-шараларда қалай әлеуметтік жарнаманы жасауға болатынын көрсетті. Көпір адамдарға өмір сүруге үміт сыйлап, әр сәттен ләззат алуға, өмірдің осы тұсымен қызықты, қиындықтарды мойымай көтере біліп, қол ұшын созып бір-біріне көмектесуге шақырды.
Бірақ кейіннен суицид жасау көрсеткіші 6 есе өскенін байқаймыз. Неліктен? Жарнама агенттігі суицид көпірінен алыстатудың орнына, оған ерекше көңіл бөлді. 2019 жылы Самсунг компаниясы үнсіз ғана мотивацияға толы жазуларды қайта өшіреді. Бұл ауқымды, сәтсіз жоба болды.
Білесіз бе? Бұл көпір оқиғасы Оңтүстік Корея мемлекетінің айнасы, мемлекет жылдан-жылға даму үстінде, әлемдегі ең табысты елдердің бірі, бірақ осы жетістік адам өмірімен төленіп тұр. 2024 жылғы статистика бойынша 15 000-ға жуық өз-өзіне қол жұмсау ісі тіркелді. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Әр жыл сайын қараша айының 3-ші аптасында Оңтүстік Корея мемлекеті бір сәтте тоқтап қалады, полиция қызметкерлері мектеп айналасындағы жолдарды жауып, қала ішінде кептелістің алдын алып, әр мемлекеттік мекеме өз жұмысын 1 сағатқа кеш бастайды, сонымен қатар әуежайда ұшақ рейстері кейінге шегеріледі. Бұның барлығы артық дыбыс, сыртқы шу мектеп оқушыларына ұлттық емтихан тапсыруда кедергі келтірмеу үшін жасалынады. Бұл Сунын күні, яғни біз білетін ұлттық бақылау тестіне ұқсайды.
Ұлттық бақылау тестін тапсыруға 9 сағат бөлінеді. Сунын шешімі сенің қай жоғары оқу орнына түсетініңді, ал оқу орны болашақта қай компанияда жұмыс істейтініңді анықтайды. Мемлекет және ата-ана тарапынан қандай қысым көрсетілетінін көріп тұрсыздар ма?
Әрбір отбасы өз балаларын білім алуға, жеке ақылы мектепке 2024 жылғы көрсеткіш бойынша 20 млрд доллар жұмсалған және бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде. Әр отбасыдағы бала ата-ана үшін бір үлкен жоба секілді. Мансап пен табыс үшін үздіксіз бәсекелестік, «қоғамда сәтсіз болмау» керек деген ұғым қалыптасқан. Емтихан тапсыра алмаған оқушының «ата-ана үмітін ақтай алмадым» деген ішкі өкініші болады.
Ересектер арасында абырой, әлеуметтік статус және басқалардың пікірі маңызды рөл атқарады. Жұмысқа аса қатты көңіл бөлу, ұзақ жұмыс жасау, жеке өмірге уақыттың болмауы эмоционалды шаршауға, депрессия мен күйіп кетуге әкеледі. Депрессия немесе психологиялық көмекке жүгіну қоғамда өте ұят нәрсе ретінде қабылданады.
Оңтүстік Корея мемлекетінде қарт кісілер арасындағы кедейлік деңгейі жоғары, егде адамдар өзін қоғамнан оқшау сезінеді немесе балаларға «ауыртпалық болдым» деп ойлайды. Отбасылық байланыстар әлсіреп, адамдар өздерін жалғыз сезінуі жастар мен қарт кісілер арасында кеңінен таралған. Ғасырдан-ғасырға қоғам үмітін ақтамау және ішкі кінә мен өкініш бұл қоғам және мемлекет тарапынан қалыптасқан қатты қысым екенін байқаймыз, бұл бір корей халқы арасындағы «культ» белгілі бір мәдениетке айналған секілді «адамдар әлсіз» болғандықтан емес, өте жоғары қысым, әлеуметтік күтімдер және психологиялық қолдаудың жеткіліксіздігімен байланысқан күрделі қоғамдық мәселе. Әрбір адам ішінде жылулық ұялату, керек кезде жанынан табылу, тыңдай білу, қоғам тарапынан түсіністікпен, қолдау арттыру маңызды. Соңғы жылдары ел ішінде моральды және менталды ашық сөйлесу кеңінен тарауда. Бұдан шығатын қорытынды әр адам өміріндегі ең үлкен тірек – адамның өзі.
Бауыржан ЖҮНІС















