» » Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі

Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі


Мемлекет басшысы балаларға қызмет көрсететін ұйымдарда бақылаудың жаңа тәртібін айқындайтын «Қазақстан Республикасының мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған Заң 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енді.

Заңға сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын және балаларға тамақтану, тұру, білім беру, тәрбиелеу және денсаулық сақтау қызметтерін көрсететін объектілерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәртібі белгіленді. Бұл объектілер қатарына жалпы білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі ұйымдар, сауықтыру ұйымдары, сондай-ақ мектептердегі ас блоктары жатады.

Арнайы мемлекеттік бақылау төрт нысанда жүзеге асырылады: жоспарлы тексеру, жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру және объектіге бару арқылы мониторинг жүргізу. Тексерулер тәуекел дәрежесіне қарай жіктелген субъектілерге (нысандарға) қатысты жүргізіледі. Жоғары тәуекел тобына жататын субъектілерге жоспарлы тексерулердің жиілігі алты айда бір реттен жиі болмайды, ал төмен тәуекел тобы үшін – жылына бір реттен аспайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала ескертусіз кенеттен бару қағидаты қолданылады. Жоспарлы тексерулер тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес қалыптастырылған арнайы бақылау мен қадағалауға жататын субъектілер мен нысандардың жартыжылдық тізіміне негізделеді.

Бақылау барысында немесе оның нәтижелері бойынша айыппұл салмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару сияқты жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін. Ұйғарымды орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Ерекше бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Ол білім беру және тәрбиелеу объектілерінде, сауықтыру ұйымдарында және олардың тамақтану блоктарында санитариялық қағидаларда белгіленген барлық зертханалық-аспаптық зерттеулер мен өлшеулерді қамтиды.

© Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
25 ақпан 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 849
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 530

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930