» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Елдің дамуы мен әлеуметтікэкономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жою. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да жеткілікті. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Ендеше, барлық азаматтарға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу – олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады.
Ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану.
Осы келеңсіз құбылыстың жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына үлкен кесірін тигізеді.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Елімізде 18-қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.
«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы қаулысын іске асыру мақсатында Жосалы кенті орталығындағы аудандық емхананың және сауда орталығы мен орталық алаңда қоғамдық қабылдау өткізілді.
Сондай-ақ осы жылы ауданға қарасты кент, ауылдық округтерде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, аудандық құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге халыққа заңгерлік кеңестер көрсетілді.
Акциялар барысында тұрғындарға заңгерлік көмек берілді.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2025 жылы «Аудан халқының құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша ісшаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар шаралар атқарылды.
Аталған жоба аясында 1000 дана ақпараттық стикер, 5 рет «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылып, 16 баннер орнатылды, 4 бейнеролик әзірленіп ұсынылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 10-нан астам мақала жарық көрді. Түрлі сала мамандарынан тұратын мобильдік топ тұрғындарға құқықтық кеңес беру ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан және үстел теннисінен турнирлер өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы ісәрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз болмақ.
Жандос ЕРКІНБЕК,
Қармақшы ауданының әкімі

28 желтоқсан 2025 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 143
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 788

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031