» » Қызылорда облысында суға түсу маусымы ресми түрде жабылды

Қызылорда облысында суға түсу маусымы ресми түрде жабылды


2025 жылы аймағымызда су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылды. Жыл басынан бері өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, алдын алу жұмыстарын күшейту және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жандос Досымов мәлімдеді.
- Облыстағы су айдындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің күнделікті басты міндетіміздің бірі. Әсіресе жазғы маусым кезінде Сырдария өзенінің жағалауы мен басқа да су арналары тұрғындардың көп шоғырланатын орнына айналады. Сондықтан біз бірқатар кешенді шараларды қабылдап, оларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз. Биылғы маусымда облыс аумағында 795 рейд ұйымдастырылды. Оның барысында 31 мыңнан астам тұрғынға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді, соның ішінде 18 мыңнан астамы - жасөспірімдер. Бұл жұмысқа полиция, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер тартылды. Қауіпті саналатын су айдындарында 398 ескерту тақтайшасы орнатылып, 24 мобильді пост құрылды. Сонымен қатар өзіндік құны төмен, инновациялық үлгідегі белгілер де пайдаланылды. Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 370-тен астам мақала мен 225 бейнеролик жарияланды. Оқушылар арасында 238 интерактивті сабақ өткізілсе, ата-аналарға бейнематериалдар мен жадынамалар жолданды. Бұл балалардың жазғы демалысы кезеңінде қауіпсіздік талаптарын еске салып отыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша профилактикалық бақылау мен құқықтық шаралар қолданылды. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған азаматтарға айыппұл салынып, заң талаптарының орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Полиция департаменті және балық инспекциясымен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде құқық бұзушылық деректерінің алдын алу мүмкіндігі артты. Біздің басты мақсатымыз - тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Су айдындарындағы қауіпсіздік тек қана құтқарушылардың жұмысы емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін ұмытпауымыз керек. Биылғы суға түсу маусымы ресми түрде жабылды. Дегенмен бұл кезеңнің аяқталуы қауіпсіздік ережелерін сақтамауға болады дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта да түсіндіру және алдын алу шаралары үздіксіз жалғасын табады, - деді Жандос Ерланұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
05 қыркүйек 2025 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930