» » Әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері Мемлекет басшысына деген жоғары сенім деңгейін көрсетіп отыр

Әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері Мемлекет басшысына деген жоғары сенім деңгейін көрсетіп отыр





ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.

Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр.

Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%). Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар (82,4%), 46-60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) тұр.

Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары (сәйкесінше, 84,9% және 80,9%).

Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде.

Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері (89,6%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), ауыл шаруашылық саласының өкілдері (86,2%), ғылым (85,7%), мәдениет пен өнер саласының мамандары (85,9%).

Зерттеу қорытындысы ел арасында Президентке сенімнің тұрақты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімділігін дәлелдейді.
02 қыркүйек 2025 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930