» » "Мектепке жол" акциясы – бала болашағына қолдау

"Мектепке жол" акциясы – бала болашағына қолдау



Осы орайда Төретам кенті әкімінің орынбасары Жолмаханов Нұрсұлтан және кент кәсіпкерлерінің бастамасымен "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Өз кезегінде тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардағы оқушы балаларға мектепке қажетті мектеп формасы, сөмке, құрал-жабдықтар және де қаржылай түрде табысталды.

Іс-шара барысында кент әкімі орынбасары Н.Жолмаханов жастардың білімді және білікті маман болып шығуы үшін кез келген жағдайда ғылым-білімге баса назар салуы қажеттілігін айтып, жаңа оқу жылымен құттықтады.
Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Жаныңда жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алсаңыз қазақ халқына тән ұлттық қасиетіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі. Жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсете алу адамның адамдық белгісі.Осы балалар келешекте елдің тізгінін ұстап, ұлт жанашырларының бірі болады деген сенімдеміз.

Қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға себепкер болған кент кәсіпкерлеріне тұрғындар шынайы алғысын жеткізді.
Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, мейірімділік пен жомарттық танытқан әріптестерімізге де алғысымызды білдіреміз.

25 тамыз 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728