» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – басты міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – басты міндет

Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсемізді бек көтеріп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл індет – адамзат баласына жат қасиет. Бұл дерт – еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Осы әдеттердің барлығын түбегейлі жою үш­ін жемқорлықпен күресті бір сәтке болса да тоқтатпауымыз керек.
Сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тиігізіп қана қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. Бір қорқыныштысы, сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және оны әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты.
Өмірзақова Гүлмира Әбдірахманқызы,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасының орынбасары 
11 шілде 2025 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 642
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 409

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031