» » ЖАСТАР ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ ҚАРСЫ

ЖАСТАР ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ ҚАРСЫ

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең үлкен әлеуметтік дерттің бірі. Ол қоғамдағы әділдік пен теңдіктің бұзылуына, азаматтардың мемлекетке деген сенімінің төмендеуіне алып келеді. Ал бұл мәселемен күрес тек заңмен шектеліп қалмай, ұрпақ санасына тазалық пен адалдықты сіңіру арқылы жүзеге асуы қажет. Осы тұрғыда жастардың рөлі ерекше.
Жастар – ел болашағы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресте олардың белсенділігі мен көзқарасы маңызды. Егер жас буын парақорлықты қалыпты жағдай ретінде қабылдамай, оған қарсы тұра білсе, ертеңгі қоғамымыз әділетті әрі таза болады. Бірақ бұл үшін жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, құқықтық және адамгершілік тәрбиесін жүйелі түрде жүргізу қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың ал­ дын алудың бір жолы – жастар арасында адал еңбекке, әділеттілікке, жауапкершілікке баулитын тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру. Мектептер мен жоғары оқу орындарында «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» сияқты жобалар аясында түрлі тренинг, пікірсайыс кездесу мен шығармашылық байқаулар өткізу – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырады.
Сондай-ақ жастардың өздері де қоғамдағы бұл індетке бейжай қарамай, өз ортасында әділетсіздікке жол бермеуге тырысуы керек. Бұл – нағыз азаматтық ұстанымның белгісі. Мәселен, бір студент емтихан кезінде пара ұсынудың орнына өз білімімен бағын сынаса, ол тек өз абыройын ғана емес, қоғамның тазалығы үшін күресіп жатқанын ұмытпауы тиіс.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет. Бұл жолда жастардың белсенділігі мен адалдығы басты құрал бола алады. Әр жас азамат «Менен басталады!» деген ұстаныммен өмір сүрсе, ертеңгі Қазақстан – сыбайлас жемқорлықсыз, әділетті, өркениетті мемлекет болары анық.
Нұржұман ПІРНАЗАРОВ,
аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры
29 маусым 2025 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930