» » ЖАСТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТ – САНАЛЫ ТАҢДАУ УАҚЫТЫ

ЖАСТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТ – САНАЛЫ ТАҢДАУ УАҚЫТЫ

Бүгінгі таңда ақпарат ағыны күшті. Әлеуметтік желілер, сайттар, жаңалықтар порталдары бізге әртүрлі ақпарат ұсынады. Бірақ сол ақпараттың барлығы дұрыс па? Жастар арасында жалған ақпаратқа сеніп қалу жиі кездесіп жатады.
Сондықтан бізге ең керегі – ақпаратты сүзу дағдысы, яғни медиа сауаттылық. Әрбір жас жаңалықтың дереккөзіне, фактіге негізделгеніне назар аударуы керек. Бұл – қоғам алдындағы жауапкершілік белгісі. Журналистика мамандығында оқитын біздер үшін бұл тіпті маңыздырақ. Себебі ертеңгі күні халық бізден шындықты күтеді. Сол себепті бүгіннен бастап ақпаратты саралай білуді, дұрыс жеткізуді үйренуіміз қажет.
Жалған ақпараттың салдары ауыр болуы мүмкін. Мәселен, 2020 жылы пандемия кезінде әлеуметтік желілерде тараған жалған мәліметтер салдарынан адамдар медициналық кеңестерді елемей, өз денсаулығына қауіп төндірді. Бұл – медиа сауатсыздықтың нақты мысалы.
Қазір «жаңа медиа» – TikTok, Instagram, Telegram секілді платформалар арқылы ақпарат кеңінен тарайды. Өкінішке қарай, олардың көпшілігінде тексерілмеген, манипуляциялық мазмұндағы ақпараттар жиі кездеседі. Ал жастар осы дереккөздерді бірінші болып тұтынады.
Осы орайда, медиа білім беру – қоғамды қорғаудың басты жолы. Әрбір жас адамның сыни ойлауға, фейк жаңалықтарды ажыратуға үйренуі қажет. Университеттерде тек журналистика факультеттерінде ғана емес, барлық мамандықта ақпаратты талдау, дерекпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту маңызды.
Сонымен қатар, отбасында, мектепте, қоғамда жастарды шынайы ақпаратқа баулитын орта қалыптастыру қажет. Тек осындай жолмен ғана біз – жаңа буын, саналы әрі жауапты азаматтар қатарын көбейтеміз. Жастар – болашақтың дауысы. Бұл дауыс – әділ, таза, сауатты болуға тиіс!
Айым ӘБУТӘЛІП,
Қорқыт ата университетінің студенті
05 маусым 2025 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 634
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031