» » «ТАЗА СУ АЙДЫНЫ» АКЦИЯСЫ

«ТАЗА СУ АЙДЫНЫ» АКЦИЯСЫ

Табиғат байлықтарына жататын су тіршілік иелерінің бірі – балық. Ал балықты қорғау үшін алдымен су айдындары таза болуы қажет. Елімізде жыл сайын көктемгі айларда балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдыны» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілген.
Аталған акция тасталған балық аулау құралдарынан су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондайақ балық ресурстарын сақтау, балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі.
Жақында аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, облысаралық балық инспекциясы бірлесе отырып Ақтөбе ауылындағы жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны «Кенжалы» көлі мен Дүр Оңғар ауылындағы «Төлеген» көлінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық акциясы аясында 270 келі тұрмыстық қалдықтар жиналып, сыртқа шығарылды. Оған 6 маман, 2 автокөлік қатысты. «Таза су айдыны» табиғат қорғау акциясы жалғасуда.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
15 мамыр 2025 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930