» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы

"AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы "Руханият" орталығы ғимаратында, аудандық ардагерлер кеңесінің мәжіліс залында өтті.
Партиялық комиссия отырысына комиссия мүшелерімен қатар, "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, сондай-ақ Чернобыль, Семей полигоны, Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар
"AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының «Мәдени нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағыты аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Ерсұлтанов баяндама жасады. Екінші, сайлауалды бағдарламаның орындалуы жөніндегі Дауылкөл ауылдық округі әкімі С.Зайыров есеп берді. Үшінші, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Әбдіқасовтың есебі тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
"ҚТ" ақпарат
17 сәуір 2025 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930