» » Алғыс айтам баршаға

Алғыс айтам баршаға



Арма ағайын,есен бе ардақты жан,
Берекелі қадамды жалғастырған.
Аллаға сансыз шүкір алғыс айтып,
Тәуба деп арай таңды таңдап тұрам.
Көктем келді құшаққа жиып гүлін,
Алғыс айту күнімен құйып нұрын.
Қасиетті Рамазан айы келді,
Ар, иба, иман жүгін үйіп бүгін.
Тірлікте адал ниет жанға да алғыс,
Дұрыс болар Алла деп таңдаған іс.
Алғыс айту күнінде бар тілегім
Жаратқан бәрімізді Аллаға алғыс!.
Жүректі иман тербеп, тұнық сырдан,
Ашкөздіктен аулақ қыл құнықтырған.
Қасиетті Рамазан айы бөлек,
Адамды ар - иманмен шынықтырған.
Алғыс айтам ақсақал бабаларға,
Ақ жаулықты мерейлі аналарға.
Салихалы ұрпақ боп түзу жолда,
Ел мерейін тасытқан балаларға.
Алғыс айтам ел қорғаны азаматтар,
Берекелі істерде ғаламат бар.
Туған елдің түлеткен төңірегін,
Сіздерге жарасымды ғажап аттар.
Ұстазға да мың алғыс ұлық болған,
Шәкірті үшін кіршіксіз тұнық болған.
Ар-абырой төрінде орындарың,
Адалдықты жүрекпен шын ұқтырған.
Дәрігерлер мың алғыс ардақтылар,
Денсаулықты күзетер жан-жақты олар.
Кірпік қақпай өмірін арнауға бар,
Қиындық кездессе егер салмақ болар.
Тәтті нанның иесі еңбеккерім,
Адал іс, баба жолы еңбек дедің.
Мың алғыс еңбеккер жан баршаңызға
Ұлы ерлік халық үшін тер төккенің.
О, халқым бірін-бірі құрметтеген,
Алғыс айтам баршаңа зор құрметпенен.
Рамазан айындағы нұр тілегім,
Қабыл алғын «Алғыс» атты гүл дестемен.
Зарипа Тасымова
01 наурыз 2025 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031