» » ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? 
Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай өсу қаупі минималды. Себебін түсіндірейік.
ҚҚС шегін төмендету бағаның өсуін теңестіруге көмектеседі
ҚҚС төлеуші компаниялар өздері сияқты басқа ҚҚС төлеушілермен жұмыс істеуді көздейді, өйткені бұл оларға бюджетке төленетін салық сомасын азайтуға мүмкіндік береді. Егер ҚҚС төлеуші компания басқа ҚҚС төлеушіден тауар немесе қызмет сатып алса, ол төленген ҚҚС-ын есепке ала алады, нәтижесінде оның салықтық жүктемесі азаяды. Осылайша ҚҚС төлеушілер арасындағы жүктеменің бөлінуі бағаға деген қысымды азайтады.
Еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту арқылы теңгерім сақталады
Үкімет ҚҚС мөлшерлемесінің өсу ықпалын азайту үшін еңбекақы қорына түсетін жүктемені төмендетуді жоспарлап отыр. Бұлшамамен тауар бағасының 40%-ын құрайды. Еңбекақы қорына түсетін жүктеменің азаюыбағаның қымбаттау қаупін төмендетеді.
Ауыл шаруашылығы саласындағы салықтық жеңілдіктер сақталады
Қазір елімізде түрлі салаларға арналған салықтық ынталандырулар бар және олардың көбі өзгеріссіз қалады. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласындағы жеңілдіктер сақталады, бұл отандық азық-түлік бағасының қатты қымбаттауына жол бермейді.
Осылайша ҚҚС мөлшерлемесінің болжамды өсуінің әсері жеңілдететін факторлармен өтеді, сондықтан бұл жалпы бағаның едәуір өсуіне әсер етпеуі тиіс.
 
Фото: Нұрболат Нұржаубай
06 ақпан 2025 ж. 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031