» » ️БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

️БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Қызылорда облысы бойынша кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылықты алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы орайда күнделікті жоспарлы түрде №121 орта мектебінің педагогикалық құрамы рейд барысында микроаудан бойынша Қорқыт-ата, Амангелді, Е.Көшербаев, Ә.Қайнарбаев, Ә.Егізбаев, С.Ахметұлы тағы басқа көшелер мен кафелер, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар араланып, мектептер бойынша үйлер араланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның негізгі көздейтін мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Бала қауіпсіздігін басты назарда ұстай отырып, түнгі рейд жұмысы жалғасауда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 22.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы мектепішілік ата-аналар чатында ескертілді.

05 ақпан 2025 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930