» » Қызылордада жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді

Қызылордада жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.
Сыр өңірінде Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасынан туындаған жоспар 2022-2023 жылы 63 пайызға артығымен орындалып, 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, аймақтың еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлау үшін Мамандықтар атласы әзірленіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, тау-кен, техникалық-технологиялық, IT салаларына қажетті кадрлар даярланады.
«2024 жылдың 10 айында 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бұл жоспар жыл аяғына дейін толығымен орындалады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Айта кетейік, Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы аясында биыл Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында еліміздегі алғашқы жасанды интеллект институты ашылды. Онда киберқауіпсіздік, информатика және ақпараттық жүйелер мамандары Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті әзірлеген бағдарламалар бойынша оқытылады», – деді аймақ басшысы.
20 қараша 2024 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 818
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930