» » «Бейбіт атом: Табиғат. Ана. Бала» атты аналар кеңесінің отырысы өтті

«Бейбіт атом: Табиғат. Ана. Бала» атты аналар кеңесінің отырысы өтті


Достық үйінде «Бейбіт Атом: Табиғат. Ана. Бала» атты Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті.
Оған облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, аудандардағы Аналар кеңестерінің мүшелері (zoom платформасы арқылы) және БАҚ өкілдері қатысты.
Модератор өңірлік Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева ел тағдырын айқындайтын маңызды кезеңге Сыр халқы белсене қатысып, экологиялық саналы қоғам құру жолындағы маңызды қадам жасағандығын алға тартты.
Жиында «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы PhD философия докторы Дәулет Омаров, «Әкелер одағы» ҚБ облыстағы филиалының төрағасы Ержан Искандер, «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы директоры Шакизат Қаратайұлы, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Жақсыгүл Тоғанова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова ой бөлісіп, пікір алмасты.
Спикерлер референдумның маңызына тоқталып, Атом электр станциясын салу бойынша өткен референдум азаматтарға атом энергетика саласындағы заманауи технологиялар және ғылыми зерттеулермен танысуға, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әртүрлі тәсілдерін жан-жақты талдауға, мол мағлұмат алуға мүмкіндік бергендігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ, кезекті референдум халық пікірін құрметтеу, мемлекет пен қоғам арасындағы әділ және тұрақты қарым-қатынасты құруға бастама және бұл мұндай ірі жобалардың ұзақ мерзімді табысты болуы үшін ерекше екендігін сөз етті.
Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу пікір алмасуға ұласты.

08 қазан 2024 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031