» » Жедел кері байланыс арқылы қызмет ұсыну

Жедел кері байланыс арқылы қызмет ұсыну

Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылды.
Аталған платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстарын білдіру тетіктері қарастырылған.
Осы ретте, уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, мемлекеттік қызмет алуыңыз бойынша толық ақпаратты көрсетіп, шағымдана аласыз. 
Бүгінгі таңда, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен аталған телеграмм бот арқылы азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілуде.
Аталған телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шоғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері жарияланды.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.
07 қазан 2024 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930