» » Қазақстанда ұялы байланыс пен интернеттің бағасы көтерілді

Қазақстанда ұялы байланыс пен интернеттің бағасы көтерілді

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың 1 тамызында тауарлар мен қызметтердің бағасы қалай өзгергені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы шілдеде айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы маусымда – 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.
Бағаның өсуі ұялы байланыс үшін 11,5%, интернет-байланыс қызметі бойынша 6,8% өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5% қымбаттады.
Ағымдағы жылдың шілде айында баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.
Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп – 7,5%, пияз – 7,3% өсті. Темекі өнімдері – 3,8%, минералды су 1,6% өсті.
Бір ай ішінде арзандаған тауарлар ішінде қызанақ бағасы 18,2% төмендеді, тәтті бұрыш – 11,2%, қызылша – 6,3%, қияр – 5,8%, сәбіз 2,1% арзандады.
02 тамыз 2024 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930