» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қатаң бақылауда

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қатаң бақылауда


Аудан бойынша аудан әкімдігі жанынан кұрылған мобильді жұмысшы тобы аудан орталығында орналасқан сауда үйлері және шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендердегі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Жұмысшы топпен бағаларға қатысты заң бұзушылықтарға тиісті жауапкершіліктер көзделгендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерге жадынамалар таратылуда.

Мониторинг нәтижесінде жыл басынан бері бағаны негізсіз өсірген 19 сауда нысанының иелеріне шара көру үшін облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне өтінім жіберілді. Сонымен қатар, сауда үйлері мен дүкендерде тұтынушыларға фискальды чек бермейтіндігі жөнінде Мемлекеттік кірістер басқармасына 3 дүкеннің үстінен өтініш түсіріліп, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 284 бабының 3 тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 дүкенге шара көрілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұру мақсатында жыл басынан бері «Байқоңыр ӘКК» АҚ-нан нақты алынған азық-түлік өнімдерінің көлемі – 136,5 тн, бірінші сортты бидай ұнының көлемі - 90 тн өнім алынды. Сонымен қатар, жыл басынан бері жалпы саны 22 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада халыққа ұсынылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шаруашылықтар мен өңірлік тұрақтандыру қоры бірлесіп ауылдық округтерде - 8 рет, аудан орталығы Жосалы кентінде – 9 рет, Төретам кентінде – 5 рет ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өткізілді.

Өз кезегінде, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, ішкі сауда субьектілері (азық-түлік дүкені, дүңгіршек, супермаркеттер, шағын маркеттер т.б. иелері) азық-түлік өндірушіден немесе көтерме сауда жеткізушісінен сатып алынған әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауар бағасына 15 (он бес) пайыздан артық үстеме мөлшерін көтерген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес ескерту жасауға алып келеді. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келетіндігін ескертеміз.

23 шілде 2024 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 102
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031