Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлық індетінің алдын алу біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүниежүзі мемлекеттерін алаңдатып отырған көкейтесті өзекті мәселелердің бірі және қандай да бір мемлекеттердің экономикасының дамуына, әлеуметтік тұрмыс-тіршіліктің қарыштап өркендеуіне, демографиялық өсіп-өнуге, саяси тұрақтылықтың сақталуына жемқорлық уытының теріс лебін тигізіп отырғаны мәлім.
Сыбайлас жемқорлық көрінісінің ең қауіпті нысандарының бірі парақорлық болып табылады. Парақорлық-лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалана отырып орындаған немесе орындамаған әрекеті үшін сыйақы алуы.
Парақорлық-мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Т.Әмір,
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы-сот отырысының хатшысы

19 ақпан 2024 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031