» » Су тасқынынан қауіп жоқ

Су тасқынынан қауіп жоқ


Бүгінде Сырдария өзеніндегі су деңгейі бірқалыпты. Су өзеннің негізгі арнасымен ағуда. Дегенмен, су тасқынының алдын алу бойынша тиісті шаралар қолға алынып, су басып кету қаупі бар 29 елді мекен бақылануда. Қазіргі таңда онда 21 мыңнан астам тұрғын үй мен 130 367 азамат қоныстанған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында салаға жауапты мамандар Сырдария өзеніндегі су арнасын реттеу және төтенше жағдайдың алдын алу бойынша негізгі мәліметтерді баяндады.

–1 ақпандағы жағдай бойынша Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілуде. Сондай-ақ, Қызылорда су торабынан секундына 100 текше метр су өтуде. Арал ауданынан бастап Қызылорда қаласына дейін мұз толықтай ұстасқан. Жаңақорған ауданының аумағында өзен беті мұздан таза. Шиелі ауданы бойынша Қызылқайың елді мекенінде су ұстасып жатса, Қарғалы учаскесінде 30 пайыз сең жүруде. «Казгидромет» РМК облыстық филиалының жүргізген көп жылдық есебіне сәйкес, өзен арнасындағы мұздың қозғалысы шамамен наурыз айының бірінші онкүндігі деп күтілуде. Осыған сәйкес, қала мен аудан әкімдіктері және жауапты сала қызметкерлері күнделікті өзен деңгейін бақылауда ұстауда. Бүгінгі күні өзен арнасының жағдайы бірқалыпты, аса қауіп жоқ, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев.

–Сырдария өзеніндегі су арнасы тасыған жағдайда қауіптің алдын алу және оны жою мақсатында 116 мекеме, 364 бірлік техника мен мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған. Бұған қоса, 25 бірлік арнайы техника, 4 жүзу құралы, 33 мотопомпа әзірленіп, сақадай сай дайын тұр. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар бойынша 117,9 тонна жанар-жағармай, 139 902 дана қап, 17 710 бау қамыс, 5 865 дана пашын мен 239 тонна қойтас және 2 381 дана қарабура инертті материал қоры жасақталды. Сонымен қатар, тасқын кезінде халықты шұғыл эвакуациялау мақсатында барлығы 59 жинау-эвакуациялау пункті және 68 қабылдау пункті дайын, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов.

– Шардарадан жоғары орналасқан су қоймаларында жинақталған су көлемі 14,335 млрд м кубты құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,027 млрд м кубқа артық. Қазіргі таңда су тасқыны бойынша қауіп жоқ. Сондай-ақ, қорғаныс бөгетіне дейін су жайылған жоқ. Бөгеттердің биіктігі 2,5-3 метр. Ал, Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесі бақылауға алынған. Жергілікті атқарушы органдар және су шаруашылығы ұйымдарымен Сырдария өзеніндегі су шаруашылық жағдайына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде, – деді «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қозтоғанов.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

02 ақпан 2024 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031