» » Өткен жылдың жұмысы қорытындыланды

Өткен жылдың жұмысы қорытындыланды


Қармақшы аудандық орталық емхананың мәжіліс залында Қармақшы ауданы денсаулық сақтау саласының 2023 жылы халыққа көрсеткен медициналық қызметі мен атқарған жұмыстары жөнінде қорытынды жиналысы өтті.

Жылдық қорытынды жиналысы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Абубакирова Жаныл Исаевна және Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлының қатысуымен өтті.

Жиналысты жылдық кешенді іс-жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың қорытындысын аудандық аурухананың бас дәрігері Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы баяндады.

Есеп беру барысында Қармақшы аудандық ауруханасы бойынша 2023 жылда жалпы атқарылған жұмыстары мен алға қойылған міндеттер түгел қамтылды.

Атап айтқанда, аурухананың мамандармен қамтылу деңгейі, қаржыландыру нәтижелері, стационар бойынша жалпы негізгі көрсеткіштер, тәуліктік төсек орындарының қамтылуы және олардың орындалу барысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, тұрғындардың емханаға қаралу деңгейі, аймақтардың жұмыс нәтижелері, аурушаңдылық, диспансерлік бақылаудағы науқастардың қамтылуы, туылым, ҚР ДСМ-нің
2021 жылғы 26 тамыздағы №92 бұйрығының орындалуы, онкологиялық қызмет, туберкулезге қарсы қызмет саласы, амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрі-дәрмектің қамтамасыз етілу көрсеткіштері, орындалу барысы түгел қамтылды.

Қорытынды негізінде алға қойылған міндеттер мен алдағы уақытта кемшіліктерді болдырмау мақсатында жұмыстар жалғасатындығы айтылды.

Сонымен қатар жылдың қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен мамандарымыз облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының "Алғыс хатымен" марапатталды.

Жиналысты төрағалық еткен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары және аудан әкімінің орынбасары өздерінің оң бағасын беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік, ұжымға абырой тілеп, жиналыс қорытындыланды.

23 қаңтар 2024 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031