Қармақшы ауданында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» акциясы басталды
Қармақшы ауданында ағымдағы жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» акция өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру.
Іс-шараның өтуі кезеңінде қоғамдық орындарда, көшелерде, халық көп шоғырланатын жерлерде құқық бұзушылықтардың, қылмыс жасаушыларды анықтау және алдын алу болып табылады.
Егер де сіздер немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, онда үгсіз қалмаңыздар. Отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастар аясында зорлық-зомбылық көрген немесе куә болған азаматтар назарына облыс көлемінде орналасқан «Қамқорлық», «Жан», «Аналар үйі» дағдарыс орталықтары мен қоғамдық қорлардың сенім телефондарын ұсынамыз: «Қамқорлық» дағдарыс орталығы 8 (7242) 30-25-40, 8-777-340-87-34, 8-777-456-11-06; «Жан» дағдарыс орталығы 1-16-16; «Аналар Үйі» қоғамдық қоры 14-22 және Қармақшы аудандық полиция бөлімі: 8 (72437) 2-11-89; «102» арнасы, бөлімнің ЖПҚб ӘЗЗҚт-ның инспекторы полиция капитаны А.Касимова 8-705-204-14-68.
Қармақшы ауданы полиция бөлімі
жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы