» » Құран кітапты күннің қай уақыттарында оқыған абзалырақ?

Құран кітапты күннің қай уақыттарында оқыған абзалырақ?

Ислам ғұламасы Имам ән-Нәуәуи (Алла оны рахымына бөлесін) Құран оқудың мұстахаб болған уақыттарын былай деп тізіп өтеді:
  • Білгін, Құран оқудың ең абзал жері – намазда. Шәфиғи мәзхабында және өзгелердің пікірінше, намазда ұзақ сүре оқып қиямда ұзақ тұру – сәждеде ұзақ жатқаннан абзалырақ.
  • Намаздан тыс уақыттарда болса, Құранды түнде оқыған абзалырақ. Соның ішінде түннің соңғы жарымында Құран оқу – түннің алдыңғы бөлігінде оқығаннан абзалырақ.
  • Ақшам мен құптанның арасында да Құран оқыған ұнамды.
  • Күндізгі уақыттарда таң намазынан кейін оқыған артығырақ. Одан өзге уақыттарда оқи беруге болады, оның еш мәкруһтігі жоқ, тіпті намаз оқуға болмайтын уақыттардың өзінде Құран оқыла береді.
  • Ал Әбу Дәуідтің ұлының Муъан ибн Руфаъадан жеткізген риуаяттағы «мәшәихтар Құран асырдан соң оқуды ұнамсыз, себебі яһудилер ол уақытта сабақтарын оқытады» деген сөз қабыл етілмейді, оның негізі жоқ.
  • Ал аптаның қай күндерінде оқыған абзал дегенге келсек, жұма күні, дүйсенбі күні және арапа күндері оқыған абзал.
  • Ал он күндіктердің қай күндері оқыған сауаптырақ десеңіз, Зүлхиджа айының алғашқы он күнінде және Рамазан айының соңғы күнінде оқыған сауаптырақ.
  • Айлардан Рамазан айында Құран оқу өзге айларда оқығаннан сауабы көбірек.
islam.kz
26 қазан 2023 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31