» » Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін пайдалану

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін пайдалану

ҚР Жер кодексі, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес азаматтарға жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін игеру кезеңіне дейін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 3 жыл мерзімге азаматтарға кезектілігі бойынша табысталады.
(сурет ғаламтордан)
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша жер пайдалану құқығын алған азамат учаскені нысаналы мақсатына сәйкес 3 жыл ішінде игеруге міндетті және қандай да бір себеппен белгіленген мерзімде учаскені игеруге мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органға жер пайдалану мерзімін ұзарту жөнінде өтінім беруге құқылы.
Жер кодексінің 37-бабы талаптарына сәйкес жер пайдалану құқығын ұзарту немесе жеке меншік құқығын рәсімдеу жөнінде өтінім Қызылорда қаласы әкімі, кент әкімі, ауылдық округ әкімінің атына жер учаскесін пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін 3 ай бұрын берілуі тиіс.
Белгіленген мерзімде өтінім берілмеген жағдайда азаматтың жер учаскесін пайдалану мерзімі тоқтатылады және оған әрі қарай жер пайдалану құқығын ұзарту немесе тұрғын үй салынған жағдайдың өзінде жеке меншік құқығын рәсімдеу мүмкін болмайды.
Жер пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі өтінім заңмен көзделген мерзімде ұсынылмай, мерзімі өтіп кеткен жағдайда мәселе тек сот тәртібімен шешілуге жатады.
Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-сі жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер пайдалану құқығын алған азаматтардың жоғарыда аталған талаптарды ескеруі қажеттігін назарларыңызға жеткізеді.  
Хабарлама бойынша қосымша анықтама алу үшін мекен-жайлар:
  • Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы Қызылорда қаласы, Қ.Қазантаев көшесі №43, байланыс телефоны: 8(7242)277873, 278131
  • Арал аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы: Арал қаласы, М.Мақатаев көшесі №2б, байланыс телефоны: 8(72433)41262
  • Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы: Әйтеке би кенті, Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі №130, байланыс телефоны: 8(72438)79280  
  • Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы: Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, байланыс телефоны: 8(72437)21244 
  • Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы: Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3, байланыс телефоны: 8(72431)31978 
  • Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы: Тереңөзек кенті, А. Алиакбаров көшесі №20, байланыс телефоны: 8(72436)21796, 79167
  • Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы: Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №11, байланыс телефоны: 8(72432)35119   
  • Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, мекен жайы: Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №44, байланыс телефоны: 8(72435)22372 
  •  
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары басқармасы» КММ
















24 қазан 2023 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 304

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 401

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930