Құрылтай
» » Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы І (аудандық) кезеңі №284 мамандандырылған мектеп-лицейі базасында өткізілді.

Аудандық кезеңге білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева арнайы барып, озық ойлы,ойы ұшқыр, идеясы ерекше бірқатар жастар жұмысының барысымен танысты.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру және жас дарынды зерттеушілерді іріктеп, оларға қолдау көрсету мақсатында өткізілген жобалар байқауына білім беру ұйымдары бойынша 9-11 сынып оқушылары негізінде 80-ге жуық оқушылар қатысып, 16 секция бойынша ІV бағытқа бөлініп, зерттеуге ұсынылған жобалық жұмыстар қорғалды. Байқау жеңімпаздары ретінде анықталған оқушылар 1, 2 және 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде жүлделі орындарға ие болуларына тілектестігімізді білдіреміз!!

19 қазан 2023 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31