Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Фото
qarmaqshy-tany.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.
Аталған баяндаманы әзірлеу үрдісі, құрылымы және мазмұны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №154 Жарлығына сәйкестендірілген.
Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;
Тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;
Қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
•Заң 2015 жылы 18 қарашада №410-V қабылданған
•Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
•ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
•ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты
•Қоғамда болып жатқан сыбайлас жемқорлықты жою, алдын-алу және жолын кесі
•Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту
•Халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек
•Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру.
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
1.Қоғамның бақытты болашағын тежейді.
2.Елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді.
3.Жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік.
•ӘРЕКЕТ
Бұрын – баю амалы, қазір сенімнің жойылуы
•ҚҰРБАН
Бұрын – мемлекет, қазір – әрбір қазақстандық азамат
•МОРАЛЬ
Бұрын – «жағдайын туралады»-түсіністікпен қарау, қазір – мүлдем жоқтыққа шығарады
•НӘТИЖЕ
Бұрын – жұртшылықтың бейқамдығы, кейде ақтауы
Қазір – адами, ғылыми және діни тұрғыда мүлдем төзбеушілік
ҚОРЫТЫНДЫ
«Адамды еңбек етуге үйретіп, білім беру керек, алайда осының бәрі адам бойындағы жаман қасиеттерден арылуға көмектесе алмайды. Адамды тәрбиелеу барысында «ар ғылымын» міндетті түрде енгізу қажет. (Ш.Құдайбердіұлы)
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болсын десек, алдымен, өзіміздің адами бейнемізді кәсіби іскерлігімізбен үйлестіре білейік!
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы