«STOP трафик» жедел – алдын алу шарасы өткізілуде
qarmaqshy-tany.kz ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс аумағында 2023 жылдың 14-16 маусым күндері аралығында адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасына өткізілуде.
Осыған орай, Қармақшы ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі мен учаскелік полиция қызметкерлері бірлесе отырып, жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Іс-шараның басты мақсаты – адам саудасы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың саудасымен байланысты және онымен қоса жүретін жаңа туған нәрестелерді сату, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге, қайыр сұрауға мәжбүрлеу және өзге де қанау фактілерін ашу, Қазақстан Республикасының және өзге елдерден келген азаматтарға қатысты еңбекте құлдыққа пайдалану фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік және құрылыс, сондай-ақ ауыл шаруашылық нысандарында адамдарды сауда құрбаны етіп әкелу арналарын анықтау және жою жөнінде жедел-іздестіру және рейдтік іс-шаралары жүзеге асыру, адамдарды жұмысқа орналастыру және оқыту агенттіктері қызметін тексеру, адамдарды тасымалдау, жасыру және сату арналарын анықтау болып табылады.
Адамның құқығын еркінен тыс таптау немесе заңсыз еңбекке тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Сондықтан жыл сайын Қармақшы ауданының полиция бөлімі бұл бағытта нақты жұмыстар атқаруда. Іс-шара бірнеше бағытты қамтиды. Оның ішінде полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандарды заңсыз еңбекке тартуға тыйым салуға ерекше басымдық бермек. Сондай-ақ қайыр сұрау және ұрлау, бөтеннің мүлкіне зиян тигізу фактілерін болдырмау. Егерде қандай да бір күмәнді оқиға жөнінде хабардар болсаңыздар, тәуліктің кез келген уақытында 102 нөміріне немесе 8(72437)-2-11-89 сенім телефонына хабар беруді сұраймыз.
Қармақшы ауданының Полиция бөлімі