» » Жанашырлық – жылы жүректен

Жанашырлық – жылы жүректен

Біз бәріміз бала сүйіп, оны өсіруді өмірдің мәні мен мағынасына балаймыз. «Бала – бауыр етің», «Балалы үй – базар» деп баланы байлық санаған. Хакім Абай да «Адамның бір қызығы – бала деген» деп өсиет қалдырды. Себебі бала – біздің болашағымыз.
Жайдарлы жаз маусымының алғашқы күні, яғни 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнінде аудандық мәслихаттың депутаттары Шолпан Дәуленбаева мен Абай Жакешов  балалардың қуанышты күлкісін, жан жадыратар сәттерінің себепшісі болды.
– Иә, баланы қуанту – әрқайсымыздың ойымызда жүрген міндет дей келе, сәбилерді тек қана мерекелерінде емес, күнделікті қуантып, бақытты сәттерін қызықты өткізуге атсалысуды әрбіріміз қолға алсақ нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ізгі істі ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар, қоғам жанашыры сәл бұрын депутаттық сауалменаудан әкімі Жандос Еркінбекұлына Төретам кентінің темір жолдың арғы бетіндегі Т.Мұсабаев көшесіндегі жарық шамдарының жоқтығын сөз етіп, бюджеттен қаржы бөлуін сұраған еді.  Осы мәселеге орай «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың  2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес Төретам кентіндегі Т.Мұсабаев көшесін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қаралып, сессияда ұсынылды. Алдағы уақытта жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл да ел үшін игілікті істің бірі болды.
«Қт» ақпарат
06 маусым 2023 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930