» » Сурет салып сайысты

Сурет салып сайысты


Балалар мен бүлдіршіндер үшін ерекше, ең қуанышты, балаларды бауырластық пен мейірімге баулитын мереке – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтқа сурет салу сайысы ұйымдастырылды.
Басты мақсаты – сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын дамытып, көркем өнерге баулу.
Ал асфальтқа сурет салу – бұл тек қана көңілді серуендеу ғана емес, сондай-ақ балалардың достық қарым-қатынасын нығайтып, олардың шығармашылығын шыңдайды. Жалпы айтқанда асфальтқа сурет салу ерекше, қызықты және өте көңілді болды. Аталмыш іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары Нұрайым Алмасбек,  Нұрдана Әмірбекова, Айым Баймахан, Шәкәрім Саяшбек, Мәдина Жеткергеновалар қатысты. Сайыс соңында ұйымдастырушылар жас оқырмандарды мерекесімен құттықтап, балмұздақ сыйлады.
«Қт» ақпарат
03 маусым 2023 ж. 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031