» » Қауіпті кесел

Қауіпті кесел

qarmaqshy-tany.kz Қоғамда көкейтесті, өзекжарды мәселеге айналған індеттің бірі – сыбайлас жемқорлық екені даусыз. Ол қадамын аңдап басып, ел ішіне мықтап орнығып алды. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Түптеп келгенде, халықтың заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген теріс көзқарасына әсер етеді.

Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайды. Тиісінше, елімізде іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы жүйелі жұмыс істеуі тиіс.

Жемқорлықпен күрес бүгінде қоғамымызда маңызды мәселеге айналып отырғанын білеміз. Еліміздің билік жүйесі осы мәселемен ұдайы айналысып келеді. Кеңестік кезеңнен бастау алған жең ұшынан жалғасын табатын көзқысты, бармақбасты әдеттер әлі де болса төбе көрсетіп жүр. Оны түп-тамырымен жою мүмкін емес. Себебі, тамыр-таныстық пен ақша үлкен рол ойнаған заманда тайқазаным түгесілмесін дейтіндер көп.

Ал, бұл дерт ел экономикасы мен стратегиялық дамуын аяқтан шалмасына кім кепіл? Мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты ел қазынасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.
Тарих парақтары тамыры терең індеттің қай заманда да күн тәртібіндегі мәселе екендігін айғақтайды. Сондықтан, қоғам дертімен бірге күресейік!
Ғабит ҚҰЛМАХАНОВ,
№10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі
26 сәуір 2023 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 296

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 393

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930