Конституция
» » Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ

Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ

qarmaqshy-tany.kz Өткен аптада Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі капитан Ербол Айтбаевтың, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі әділет майоры Рүстем Жаймбаевтың қатысуымен іс-шара өткізілді.

Мақсаты – елімізді қорғау саласында өз үлестерін қосып жүрген әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыспен құқықбұзушылықтардың алдын алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.

– Осындай тиімді іс-шаралар арқылы заң бұзушылықтың алдын алып, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуіміз керек. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін көтеруде жүргізіліп жатқан тиімді іс-шараларға да көп көңіл бөлген абзал, – деді әскери полиция қызметкері, капитан Ербол Жайынбайұлы.

Сондай-ақ еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдауға шақырып, бөлім басшылығына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының талаптарын сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін ескертті.
А.БАЛМАНОВ,
Қармақшы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы
25 сәуір 2023 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031