» » Биылдан бастап елімізде 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Биылдан бастап елімізде 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдан бастап Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы пайда болады. Uchet.kz порталының мәліметінше, мұндай өзгерістер биылғы 6 қаңтарда ҚР Мәжілісінде енгізілген Еңбек кодексіне толықтырулар енгізу жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған.
Еңбек кодексіне сәйкес, 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы (ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленеді) қарастырылған.
Сонымен қатар жекелеген өндірістерде әртүрлі аптада бір мезгілде 5 күндік және 4 күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындап жатады:
«Жұмыс уақыты» деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытын ауыстыру құқығымен 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесе 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі»;
Осыған байланысты «Үстеме жұмыстардың ең көп саны» деген 78-баптың 2-тармағы бойынша 4 және 5 күндік жұмыс аптасына бөлінеді: «2. Үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы – 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасында – айына 12 сағаттан, жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленген кезде – жылына 120 сағаттан аспауға тиіс».
Тиісінше, 84-бапта 4 күндік жұмыс кестесімен демалыс күндері белгіленген.
5 күндік, 6 күндік немесе 4 күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып саналады. 5 күндік және (немесе) 4 күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді.
Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, 5 күндік жұмыс кестесімен бір апта, 4 күндік жұмыс кестесімен екінші апталық жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде кеңсе қызметкерлеріне қолданыла бастады және халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес келеді.
23 қаңтар 2023 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031